Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Төрт әйелі мен зәулім үйі бар»Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан ер адамға айыппұл салынды

«Төрт әйелі мен зәулім үйі бар»Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан ер адамға айыппұл салынды,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Астана қаласының әкімшілік соты әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарату ісі бойынша шешім шығарды.

Тергеу барысында ер адамның зәулім үйдің видеосын жариялап, оны халықтың қайырымдылық қаржысына салынған деп көрсеткені анықталды. Сондай-ақ ол үйдің Астана қаласының бас имамына тиесілі екенін мәлімдеген. Алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні белгілі болды.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, шын мәнінде үйдің кімге тиесілі екенін және қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін айтты. Ол бейнероликті қызығушылық үшін жариялағанын алға тартып, өкініш білдірді.

Жәбірленуші соттан өзінің ар-намысына нұқсан келтірген азаматты заң аясында жазалауды сұрады.

Сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігіне сәйкес, айыпталушыға 180 АЕК (707 760 теңге) көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте соққының астында қалған медакадемия профессоры қайтыс болды

redaktor_qazyr

КҮЙЕУІҢІЗДІҢ МЫНА ҚАСИЕТТЕРІН ҚҰРМЕТТЕСЕҢІЗ, ОНЫҢ АЛМАЙТЫН АСУЫ БОЛМАЙДЫ! (психологтардың кеңесі)

redaktor_qazyr

Соғыс жылдары

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz