Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарМұнай-газ саласы

ҚМГ басшысы «Қаламқас-теңіз — Хазар» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ақтау қаласында «Kalamkas-Khazar Operating» (KKO) басшылығымен кездесті. Компания «ҚазМұнайГаз» және «Лукойл» ЖАҚ «Қаламқас-теңіз — Хазар» бірлескен жобасының операторы.

Кеңесте ағымдағы жұмыс жағдайы мен 2025 жылға арналған міндеттер талқыланды. Қазір жоба құжаттары дайындалып жатыр. KKO-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес аталмыш жұмысқа «Мемсараптама» РМК мамандары да тартылады.

ККО-ға жобалауды аяқтау және құрылысқа ЕРС-мердігерді анықтау міндеттері қойылды.

«Қаламқас-теңіз — Хазар» — Қазақстандағы ең ауқымды және технологиялық жағынан күрделі жобалардың бірі.

Жергілікті қамтуды дамыту аясында Теңіз платформаларының құрылысы алғаш рет Қазақстан верфтерінде жүргізіледі. Бұл отандық кеме жасау мен мұнай-газ саласы үшін маңызды қадам.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Балабақшалардың жұмыс уақыты ұзара ма? Депутат Дәулет Мұқаевтың ұсынысы

redaktor_qazyr

Биыл «Ұлы дала жорығы» Петропавлдағы Абылай хан резиденциясынан аттанады

redaktor_qazyr

Жезқазғанда бойжеткен жаңа жұмысқа орналысып, 10 жылға сотталды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz