Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазір

Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Сергеев су торабына барды, сондай-ақ Петропавл қаласында 1-ші көтергіш сорғы станциясы мен бөгет бекінісін реконструкциялау барысын тексерді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Бұл нысандар елді мекендерді су тасқынынан қорғауда және жергілікті тұрғындарды сумен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Жұмыс сапарының мақсаты – Мемлекет басшысының су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық жұмыстарын үйлестіру бойынша берген тапсырмаларының орындалуын бақылау. Гидротехникалық нысандардың жай-күйіне және заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге назар аударылады.

«Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин қазіргі уақытта екі су торабы да қанағаттанарлық жағдайда және штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын баяндады. Биыл қосымша 14 іс-шара өткізу жоспарланып отыр.

Өз кезегінде «Қазгидромет» филиалының басшысы Қымбат Мерғалимова жауын-шашын мөлшері әсіресе, оңтүстік және шығыс аудандарда нормадан көп болатынын айтты. Қатты жауын-шашын ақпан айының ортасы мен аяғында, айдың бірінші және екінші онкүндігінде температураның төмендеуімен болжануда. Сергеев су қоймасынан төмен орналасқан аудандар үшін су тасқыны қаупі жоғары болып қала береді.

«Сергеев су торабы – су тасқыны қаупі бар аймақтағы стратегиялық нысан, тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге де жауапты. Егер судың толу деңгейі 2 метрден асатын болса, орталыққа және жеке маған шұғыл хабарлауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Әкімнің жұмысына сын көзбен қарау- демократиялық қоғамға тән қалыпты нәрсе

redaktor_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

redaktor_qazyr

Ресейдің бөлінуі Қапқаздан басталады- Саакашвили

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz