Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратБілімҚазірҚоғам

Шардарада «Жайлы мектеп» қолданысқа берілді

Түркістан облысының басшысы Нұралхан Көшеров Шардара ауданына жасаған сапары аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған 1200 орындық білім ошағын аралап, құрылыс сапасын қадағалады , – деп хабарлайды Qazyr.kz. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауданда пилоттық жоба аясында 2 мектеп салу жоспарланып, бүгінгі таңда 1200 орындық мектептің құрылысы толық аяқталған. Мұнда 150 жұмыс орны ашылмақ. Заманауи үлгідегі қос білім нысаны инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтылған. Жалпы алаңы 4,2 гектар аумақты құрайтын мектептің құрылысы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырмасымен жүргізілген. Аталған білім ошағы кітапхана, спорт залы, компьютер сыныбы және акт залымен толығып, балалардың жан-жақты дамуы үшін заманауи құралдармен жабдықталған.

Жұмыс сапарында облыс әкімі жергілікті тұрғындармен кездесіп, ақсақалдармен ақылдасты. Ұсыныстарын тыңдап, өңірдің негізгі даму бағыттары туралы айтты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Түркістан облысында заман талабына сай, 29 бірыңғай «Жайлы мектеп» бой көтеріп, кезең-кезеңімен ел игілігіне пайдалануға беріліп келеді. Жалпы өңірде білім сапасын нығайту мақсатында түрлі маңызды жобалар қолға алынған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Алтынемел ұлттық паркінде Қызыл кітабқа енген аңдарға санақ жүргізілді

admin_qazyr

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz