Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірСаясат

Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті деп хабарлайды Qazyr.kz. Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы дипломатқа ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі саяси диалогтың дәйекті дамып, үкіметаралық ықпалдастықтың белсенді өркендеп келе жатқанына назар аударды.

Президент былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдердің өз деңгейінде іске асырылып жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл уағдаластықтарды жүзеге асыру жан-жақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал етеді. Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанға ыстық ықыласын жолдады.

Өз кезегінде Петер Сийярто Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мажарстан Премьер-министрінің сәлемін жеткізді. Мажарстанның Сыртқы істер министрі Астанаға сапары кезінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың түрлі аспектілерін іске асыру жағдайын салалық министрліктермен және ведомстволармен талқылайтынын айтты.

Кездесуде екіжақты күн тәртібінің бірқатар өзекті мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы, энергетика және банк секторларындағы өзара тиімді байланысты кеңейтуге ерекше мән берілді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Сийярто халықаралық маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мажар қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Петер Сийяртоны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

admin_qazyr

Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты шұғыл жиын өткізді

admin_qazyr

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» іс-шарасында 23,5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz