Qazyr.kz порталы
АймақАуыл шаруашылығыҚазір

Түркістан облысында бройлер құс фабрикасы салынады

Түркістан облысында жылына 48 мың тонна тауық етін өндіретін  бройлер құс фабрикасын салатынын Qazyr.kz. хабарлайды. Ірі құс шаруашылығы жобасының құрылысына 52,9 млрд теңге инвестиция тартылып отыр.

Қазіргі таңда кәсіпорынның құрамында жылына 12 мың тонна дайын өнім шығаратын ет комбинаты және  2 мың бас бройлер тауығын  өсіруге арналған  кешен жұмыс жасап тұр.

Құс еті өндірісін  кеңейту жобасы 5 жылға есептелген. 2026 жылы қуаты 16 мың тонна құс етін құрайтын бірінші кезең іске қосылса, екінші кезеңде өндірістік қуаты 32 мың тоннаға дейін ұлғайтылады, бұл көрсеткішке 2028 жылы қол жеткізу жоспарлануда. III кезеңде, яғни, 2030 жылға қарай – 48 мың тоннаға дейін ұлғайтылады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 302 мың гектар жер бақылауға алынды

admin_qazyr

Инфрақұрылым, заң, ғылым: спорттың жаңа кезеңі

admin_qazyr

Дональд Трамп осы жолы сайлаудан жеңілсе,қайта сайлауға түспейтінін мәлімдеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz