20.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақАуыл шаруашылығыБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Қызылорда облысы су қоймаларына секундына 500 текше метр су жиналуда

Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасынан Қызылорда облысына секундына 500 текше метрге жуық су жіберіліп жатыр. Жиналған су жазда ауылшаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады. Сол себепті Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары су дипломатиясы бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Шардара қоймасына су Орталық Азия елдерімен белсенді ынтымақтастық пен келісімдердің нәтижесінде жиналды деп хабарлайды Qazyr.kz.

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов Қызылорда облысының су шаруашылығы нысандарын аралады. Сырдария өзенінде сең жүру барысын бақылап, көктем айларында су қабылдауға дайындық жұмыстарын тексерді.

Қызылорда қаласындағы КОПЭС саяжайы тұсында Сырдария өзенінің оң жағалауындағы қорғаныс бөгетінің 80 метрлік бөлігін бекіту жұмыстары аяқталды. Бұдан бөлек, «Қос бөгет» қорғаныс бөгетінің зақымдалған 1300 метр бөлігі, «Самит арна» және «Шөмен қайыры» учаскелерінің аралығындағы 3855 метр қорғаныс бөгетінің зақымдалған жерлері қалпына келтіріп, топырақпен нығайтылды.

Сондай-ақ, Сейілбек Нұрымбетов Қызылорда су торабының жұмысымен де танысты.

Нысан Қызылорда қаласы және Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандары аумағындағы 120 мың гектар суармалы егістікті және 250 мың гектар шабындық пен жайылымдық жерлерді сумен қамтамасыз етеді.

«Қызылорда облысы аумағында су шаруашылығы жағдайы тұрақты. Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы мен жергілікті «Қазсушар» филиалының мамандары жағдайды сағат сайын бақылауда ұстайды»,-деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Ақмола облысында аурухананың бас дәрігері мен кадр бөлімінің басшысы қомақты ақша жымқырған

redaktor_qazyr

Алтын және күміс алқалы аналарға 1 реттік төлем жасалады

redaktor_qazyr

АҚШ-тың президенті Джо Байден өзінің қайта президент сайлануынан бас тартатынын айтты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz