Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазір

Түркістанда Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалы ашылады

Түркістан қаласында биыл Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалының ашылуы жоспарланып отыр. Осыған орай, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Қазақ-Корей халықаралық білім ордасының таныстырылымы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Woosong» университетінің өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен болашақ түлектер қатысты.

Басқосуда алғысөз алған облыс әкімінің орынбасары жастарға сапалы халықаралық білім алуға үлкен мүмкіндік туып отырғанын тілге тиек етіп, түлектерді берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды.

Жиында Оңтүстік Кореяның Халықаралық істер департаментінің деканы бастаған «Woosong» университетінің өкілдері Корея елінің әлемдік деңгейдегі орнына тоқталып, университеттің тыныс-тіршілігін таныстырды. Қатысушылардың сұрағына жауап беріп, білім ордасы беретін мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының филиалын ашу туралы тапсырмасы аясында облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. Түркістан қаласы «облыс орталығы» атанғаннан бері Халықаралық туризм және меймандостық университеті ашылған болатын

Ақпараттық технологиялар саласының кадрларын даярлау мақсатында Түркістан қаласында IT университетін ашу бойынша Оңтүстік Кореяның «Вусонг» білім беру қорының өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп, бүгінде Әкімшілік-іскерлік орталығында ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұл университет – білім мен ғылымның, мәдениет пен тәжірибенің тоғысатын жаңа орталығы болмақ.

Студенттер әлемдік деңгейде білім алып қана қоймай, халықаралық тәжірибеден өтуге, еңбек нарығында сұранысқа ие маман атануға мүмкіндік алады. Одан бөлек, «қос диплом» бағдарламасымен білімін Корея елінде жалғастыру, сол елде жұмысқа орналасу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл бастама ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тікелей атсалысуымен жүзеге асырылуда. Жақында халықаралық университет өкілдері ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясатпен кездесіп, дайындықтарды пысықтамақ.

Халықаралық университетте 4 факультет ашылады. Онда «Жасанды интеллект және үлкен ақпараттар талдауы», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Әлемдік төртінші IT өнеркәсіптік революция», «Мультимедия және Web дизайн» мамандықтары бойынша 2340 студент білім алады деп жоспарлануда. Университеттің ашылуы 2025 жылдың күзіне жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Жеті қазына

Redaktor Site

Абай Құнанбайдың отыз төртінші қара сөзі

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz