Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазірҚоғам

Биыл Алматыда 87 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Биыл Алматыда Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы аясында 87 226 жаңа жұмыс орнын ашылады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazyr.kz

Жұмыспен қамту шаралары 32 мың адамды қамтиды. Олардың ішінде 10,6 мың адам тұрақты жұмысқа орналасады, 8,7 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберіледі.

Оқу бағдарламаларына, оның ішінде enbek.kz платформасында қысқа мерзімді курстардан өтуге, «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға 7 мың адам тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, кей алматылықтар кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 400 АЕК-ке дейінгі грант алады.

Халықты жұмыспен қамту  шаралары нәтижесінде қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан 4,6%-ға төмендеді.

©Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Аймақтағы су тасқыны бойынша соңғы ақпарат

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

admin_qazyr

Мақтааралда жаңа тігін фабрикасы ашылады: 200 жұмыс орны құрылмақ

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz