Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесті

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен кездесу өткізді деп хабарлайды Qazyr. kz.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағының экономиканың түрлі секторындағы, цифрландыру және инновация салаларындағы ынтымақтастығын дамыту перспективасы талқыланды. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық комиссия арасында виза беру тәртібін жеңілдету жөніндегі келісімге келу үдерісі басталғанын оң бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім Қазақстан мен Еуропа Одағының сан қырлы ықпалдастығына негіз болып отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропамен ынтымақтастығын одан әрі тереңдететін төрт басым бағытты атады. Бұл – энергетика, ірі инфрақұрылым және өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру, көлік-логистика желілерін кеңейту, сондай-ақ цифрлық инновация, озық технологиялар мен жасанды интеллект бағытындағы серіктестік.

Урсула фон дер Ляйен көлік-логистика саласындағы, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік дәлізі секілді жобаларды іске асырудың маңызына тоқталды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанда сирек кездесетін металдардың ірі кен орнының табылуымен құттықтады.

Тараптар С5+ЕО аясындағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

Ұқсас жаңалықтар

ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері: Астанадағы парадқа кімдер қатысады

admin_qazyr

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Президент қабылдауында болды

admin_qazyr

Алматыдағы тамыз конференциясы: педагог мәртебесі мен білім берудің жаңа бағыттары талқыланды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz