Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірҚоғам

Алматыда екі қабатты таунхаусты бұзып жатыр

Алматыда сот шешімі бойынша екі қабатты таунхаус бұзылды. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Басқарманың хабарлауынша, Асқартау шағын ауданы Жансая көшесі 17Б мекенжайдағы құлыпталған үй бұзылды.

Бұрын жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша меншік иесіне қатысты рұқсат құжаттары толық пакетінің болмауына байланысты әкімшілік шаралар қабылданды және бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілді.

Нұсқама мерзімі аяқталғаннан кейін басқарма Алматы қаласының Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз берді. 2024 жылғы 2 мамырда Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалды. Кейін Әділет Департаментінде атқарушылық іс қозғалды.

Нысанды бөлшектеу сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 2023 жылдың басынан бері 72 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN және басқа да тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған

Ұқсас жаңалықтар

Жаз-2025: 3 миллионнан астам оқушы сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамту бағдарламаларымен қамтылады

admin_qazyr

Бектенов салық-бюджет жүйесін сауықтыру арқылы ел экономикасын кешенді дамытамыз деді

admin_qazyr

Мағжан Жұмабаев — Балалық шағы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz