20.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Жыл басынан бері 132 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 132,3 мың қазақстандық қатысты. Сонымен қатар, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына 43,7 мың адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 92,1 мың адам жіберілді, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 8 мың адам, жастар практикасында 5 адам, қоғамдық жұмыстарда 69,8 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 8,9 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 269 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 11 адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 29,8 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 28 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 10,3 мың адам қамтылды, оның ішінде 5,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқытуға 161 адам жіберілді.

Қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 95,6 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 572 800 теңге) мөлшерде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден Монтайтас ауылының тумасы Бақыт Төлтай алтын медаль жеңіп алды

redaktor_qazyr

Азия даму банкі Қазақстан билігіне көп деңгейлі тәуекелдерді басқару стратегиясын әзірлеуді ұсынды

admin_qazyr

Қазақстанда баланың туу туралы куәлігін енді Kaspi постоматтары арқылы алуға болады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz