Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

«Қаржаубай айыптаумен бүгін ғана танысты» — адвокат

Шерзат Болат тарапының адвокаты Мейірман Шекеев бүгінгі сот отырысында оқылған айыптау актіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қаржаубай айыптау актін бүгін ғана естіп отыр. Қаржаубайды тергеу аяқталған кезде іс материалдарымен таныстырмады. Сондықтан оның пікірін айта алмаймыз. Адвокаттар бір нәрсемен келіспейміз. Оны сотта айтамыз. Қазір айта алмаймыз. Қалған айыптау актімен келісеміз», дейді адвокат.

Еске салайық, бүгін Талдықорғанда Шерзат ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті.

“Сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, сот бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады”, — деді Жоғарғы Сот.

Трансляция Жоғарғы Соттың YouTube арнасында өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Жоғарғы сот Шерзат Болат ісі бойынша сот отырысы неліктен Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтетінін түсіндірген еді.

“Айып тағылған тоғыз адам Талдықорғандағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Соған байланысты сот отырысы Жетісу облысында өтеді”, — деді олар.

 

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде  оқу жылы қашан аяқталатыны белгілі болды

redaktor_qazyr

2025 жылдың басынан бері 1940 қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

admin_qazyr

Ерболат Досаев Беларусь елшісімен кездесті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz