Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Алматының Алатау ауданы заңсыз сауда нысандарынан тазартылып жатыр

Алматының Алатау ауданында заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) сүру жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Өз бетінше орнатылған СЕСН-дерді жою науқаны Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында қолға алынған.

Бүгінгі таңда Алатау ауданында 119 заңсыз СЕСН мен 40 күш өлшеу құрылғысы бұзылды. Атап айтқанда, соңғы күндері Мәдениет, Саялы және Әйгерім шағын аудандарында заңсыз дүңгіршектер алынып тасталды.

Жергілікті тұрғындар бұл бастаманы қолдайды.

«Енді ауламыз кеңейіп, таза болып қалды, бұрын бұл дүңгіршектер ретсіздік тудырып, жүріп-тұруға кедергі келтіретін», – дейді Саялы шағын ауданының тұрғыны.

Қаланың заңсыз нысандардан ауқымды түрде тазартылуы Алматының сәулеттік келбетін жақсартуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінде мемлекеттік қордың жерінде орналасқан 360 СЕСН мен 274 күш өлшеуіш алынып тасталды.

Бұзу жұмыстары жалғасуда, ал қала әкімдігі кәсіпкерлерді сауда нысандарын орналастыру кезінде белгіленген нормалар мен ережелерді сақтауға шақырады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев көңілі толмайтын жұмысты атады

admin_qazyr

Биыл 186 000 түлек мектеппен қоштасады

redaktor_qazyr

Қостанайда,коммуналдық қызметкерлер адамның бас сүйегін тауып алды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz