Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазірэкономика

Шығыс Қазақстанда сүт өңдеу зауыты іске қосылды

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында бұрынғы май зауытының базасында жаңа сүт өңдеу кәсіпорны іске қосылды, деп хабарлайды Qazyr. kz ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Сүт өндеу зауытының тәулігіне 30 тонна сүт өңдей алады. Кәсіпорын заманауи технологиямен жабдықталған. Атап айтқанда, төрт ашытқы қайнатқышы, сүзбе ваннасы, пастерлеу құрылғысы және сүтті толық өңдеу циклін қамтамасыз ететін басқа да жүйелер орнатылған. Сондай-ақ тәулігіне 29 тонна сүт қабылдайтын пункт мен шаруа және жеке қосалқы шаруашылықтардан күніне 2,5 тонна шикізат қабылдайтын қосымша орын ашылған. Зауытта күн сайын 2–2,5 тонна сүт өңделіп, табиғи өнімдер: айран, сүзбе және қаймақ шығарылады.

2026 жылы қышқыл сүт өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту, ірімшік цехын іске қосу және оны ретке келтіру, май өндіру цехын жаңғырту жоспарланса, 2027 жылы қоюлатылған сүт өндірісі іске қосылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізеді

redaktor_qazyr

Ұлттық ұланның бас қолбасшысы ауысты

Redaktor Site

Абай облысының бюджеті 500 млрд теңгеден асты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz