Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Мемлекет басшысы Пәкістан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал Асим Мунирді қабылдады

Кездесуде қорғаныс және әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ екі ел арасындағы байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстанның Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастардың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі елдің экономикалық, соның ішінде сауда, көлік және логистика салаларындағы байланыстарын одан әрі ілгерілетуге айтарлықтай әлеуеті бар.

Асим Мунир Мемлекет басшысына Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифтің ықыласын жеткізді. Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Қазақстан мен Пәкістанның қорғаныс ведомстволары арасындағы ықпалдастықты жоғары бағалады.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты өркендетуге тың серпін берудің, экономиканың түрлі секторындағы өзара мүддеге сай келетін мүмкіндіктерді толық жүзеге асырудың маңызына назар аударылды.

Ұқсас жаңалықтар

Елімізге танымал әнші, Қытайдың Чанша қаласында өткен I am a Singer байқауының финалында 2 орын иегері Димаш Құдайберген,жақында қайтыс болған атасына арнап,Instagram парақшасында жазба қалдырлы.

redaktor_qazyr

ҚҚС реформасы: Қай салаларға өзгеріс енгізілмейді?

redaktor_qazyr

АЭС салуды қолдаушылар саны 60%-ға жетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz