Qazyr.kz порталы
АймақАуыл шаруашылығыЖаңалықтарҚазір

Испания үкіметі Қазақстанның батысындағы «Көкжиде» жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

Президент тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысындағы «Көкжиде» жерасты су көзінен Қазақстанның батыс аймақтарын ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы әзірленуде деп хабарлайды Qazyr.kz

Қазіргі таңда зерттеу жұмыстары басталып кетті. Су ресурстары және ирригация министрлігі испандық Xcalibur Smart Mapping компаниясымен бірлесіп аэромагниттік түсірілім жүргізуде. Жоба Испания Корольдігінің гранты есебінен қаржыландырылуда. Бұл кен орнынан тәулігіне 173,4 мың м³ таза су алуға болады.

Сонымен қатар, жерасты суларына мұнай өндірудің әсерін зерттеуге 250 млн теңге бөлінді. Зерттеу жұмыстары Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады.

«Батыс өңірлерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі министрліктің ерекше бақылауында. Алайда жобаны сапалы жүзеге асыру үшін «Көкжиде» кен орнында кешенді зерттеу жүргізіп, судың ластану қаупін жойып, жергілікті экожүйеге кері әсерінің алдын алу қажет. Қазіргі таңда бұл — басым бағыт», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұл бастама – өңірдің экологиялық қауіпсіздігін сақтай отырып, халықты сапалы сумен қамтамасыз етудің маңызды қадамы!

 

Ұқсас жаңалықтар

Путин Трамппен Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөзге дайын,бірақ Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы

redaktor_qazyr

Премьер-Министрдің орынбасары Абай облысына жұмыс сапарымен келді

admin_qazyr

Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz