25.3 C
Шымкент
24-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірМұнай-газ саласы

«Әлеуметтік әмиян» жобасы кеңейтіледі: газға жеңілдік енді барлық өңірге таралады

Қазақстан Үкіметі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында қолға алынған «Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын кеңейтетінін хабарлады. Бұл бастама атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен тұрғын үй көмегін (ТҮК) алушыларға тауарлық газға жеңілдікпен ваучер беру арқылы іске асырылуда деп хабарлайды Qazyr.kz

Жоба алғаш рет Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында жүзеге асырылған болатын. Тұрғындарға белгіленген көлемде газды 24 пайыздық жеңілдікпен тұтынуға мүмкіндік берілді. Атап айтқанда, БҚО-да тұтыну шегі айына 833 текше метр, ал Шымкентте — 631 текше метр болып бекітілген.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жеңілдікпен ұсынылған газ көлемі 2,9 миллион текше метрді құрады. Бұл көрсеткіш 23,5 миллион теңгеден астам қаржыны үнемдеуге жол ашқан. Қызмет алушылар тарапынан жобаның тиімділігіне қатысты оң пікірлер көптеп түскен.

Энергетика министрі Алмас Аккенженовтің айтуынша, пилоттық жоба сәуір айының соңында аяқталуы тиіс болған, 2025 жылдың 30 маусымына дейін ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұдан кейін жоба еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде бір жыл мерзімге іске қосылмақ.

– «Пилоттық жобаның нәтижелері мен тұрғындардың оң пікірлері оның маңыздылығын дәлелдеді. Сондықтан біз бұл бастаманы республика көлемінде кеңейтуді көздеп отырмыз», – деді министр.

Бұл бастама газ бағасының халық үшін қолжетімді болуына ықпал етіп қана қоймай, әлеуметтік қолдаудың нақты әрі тиімді құралдарының бірі ретінде бағалануда.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қосымша құн салығын көтеру қымбатшылыққа алып келеді

admin_qazyr

Монтайтас ауылы: «Туған жерге түлектердің тартуы»

redaktor_qazyr

18-19 қазан Астанада «CONNECTED-2024: Келешек бейнесін пайымдау» халықаралық конференциясы өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz