Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратҚазірСаясатэкономика

Қазақстан мен Ауғанстан Тургунди–Герат теміржолын салу туралы уағдаласты

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы стратегиялық әріптестік жаңа деңгейге көтерілуде. Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегацияның Кабулға сапары барысында екі ел арасында маңызды келісімдер жасалды деп хабарлайды Qazyr.kz

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен Ауғанстанның Қоғамдық жұмыстар министрлігі Тургунди–Герат–Қандағар–Спин-Болдак бағытындағы теміржол желісін бірлесіп салуға ниет білдіретін хаттамаға қол қойды.

Тургунди–Герат учаскесінде теміржол және көлік-логистикалық инфрақұрылым салынады. Герат қаласында көлік-логистикалық орталық ашу да жоспарда бар. Бұл жоба Қазақстан үшін Оңтүстік Азия мен Үнді мұхиты порттарына шығуға мүмкіндік беретін маңызды транзиттік дәлізге айналмақ.

Теміржол бойына талшықты-оптикалық кабель тартылып, цифрлық инфрақұрылым дамытылады. Бұл жергілікті тұрғындар үшін болашақта жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға жол ашады. Сонымен қатар, екі ел арасында тікелей әуе рейсін ашу, қазақстандық көлік құралдарын экспорттау және ауған жастарын техникалық мамандықтар бойынша оқыту мүмкіндіктері талқыланды.

Бұл – өңірлік экономикалық интеграция мен тұрақты даму жолындағы маңызды қадам болып отыр

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мал шаруашылығында толық өндірістік тізбек қалыптастыруда: шаруашылықтан бастап экспортқа дейін

admin_qazyr

Индустрия және агросектор: Үкімет басшысы Қарағандыдағы ірі жобалармен танысты

admin_qazyr

Заңгер Айгүл Орынбек дәстүр фильміне тыйым салынуын ұсынды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz