Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірСпорт

Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

Қазақстанда 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы. Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

Мемлекет басшысы отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін  қалыптастыру; клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды; Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: «Балаларын жастықпен тұншықтырып өлтірген әйел ұсталды»

redaktor_qazyr

Аядай ғана Бақабұлақ ауылына табиғи газ келді

redaktor_qazyr

Күзде қант қымбаттауы мүмкін

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz