Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Сәтқалиевтің тағы бір орынбасары тағайындалды

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасары тағайындалды, — деп хабарлайды Qazyr.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, биыл наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.

Соған сәйкес Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды.

Артынша Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қыздар үшін іш қату зиян дейді, оны қалай емдеуге болады?

redaktor_qazyr

Олжас Бектенов ТМД Үкімет басшыларының кеңесіне қатысты: Негізгі бағыттар мен бастамалар

admin_qazyr

Алматыды журналист Асхат Ниязовты полиция ұстап алып кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz