Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапБілімҚазірҚоғам

Атырауда жұмысшы жастардың республикалық форумы өтіп жатыр

Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялау бастамасын қолдау мақсатында Атырау қаласында жұмысшы жастардың республикалық форумы басталды. Форумға Алматы және Шымкент қалаларынан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан 200-ден астам жұмысшы мамандықтар өкілдері мен студенттер қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Екі күндік форум аясында «Қазақстанның еңбек нарығы және жұмысшы мамандықтар болашағы» тақырыбында пленарлық отырыс және TEDx форматындағы Isker Talks зияткерлік конференциясын өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ қатысушылар жұмысшы мамандықтар саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды таныстырады. Ең үздік алты бастама авторлары 500 000 теңге көлемінде шағын грантқа ие болады.

Форум барысында белгілі қазақстандық спикерлер ұжым арасындағы бірлікті дамыту, әлеуметтік қолдау, заманауи дағдылар мен жұмысқа орналасу стратегиялары тақырыптарында сөз сөйлейді.

Іс-шараның мәдени бағдарламасында концерт пен «Сарайшық» музейіне экскурсия ұйымдастырылады.

Сонымен қатар жұмысшы жастар аллеясының ашылу салтанаты өтеді, алғашқы ағаштарды форум қатысушылары отырғызады.

Форумның мақсаты — жастар арасында жұмысшы мамандықтары мен техникалық мамандықтарды насихаттау, сондай-ақ тәжірибе, білім алмасуға, кәсіби дамуды арттыруға бағытталған жас мамандар қауымдастығын қалыптастыру.

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда АҚШ косулдығының ғимараты салынады

admin_qazyr

Астанада халықаралық ат спорты жарысы өз мәресіне жетті

admin_qazyr

Түркістан облысында қайтыс болған жігіттің ағзасы төрт науқасқа донор ретінде берілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz