28.3 C
Шымкент
18-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапЖаңалықтарҚазірҚоғам

Алматыда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматыда Бутаковка шатқалында «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Qazyr.kz «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға «AMANAT» партиясының мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары, «Жас Эко Патруль» еңбек жасағы және 100-ден астам ерікті қатысты.

Қатысушылар шатқалды тұрмыстық қалдықтан тазартып, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам назарын аударды. Іс-шара экологиялық мәдениетті насихаттап қана қоймай, азаматтық белсенділік пен қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

«Біз «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеміз. Бүгінгі акция — Бірлік күніне орай ұйымдастырылған маңызды шара. Бутаковка шатқалын тазарту арқылы біз табиғатты аялаудың, қоғамдық ұйымдар мен жастардың ортақ іске біріге алатынын көрсеттік», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қуаныш Төлепов.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды қолдап, қала мен елді мекендерді көркейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Путиннің Украинадағы соғысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамады

redaktor_qazyr

Кешегі Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның 9-ы табылды

redaktor_qazyr

Инфляция 10%-ға дейін төмендейді: Үкіметтің жаңа жоспары қандай?

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz