27.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Армения Парламенті Спикерінің сапары екіжақты ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызға ие екенін айтты. Президент өзара ықпалдастықты ілгерілетуге заң шығарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі қажет деп санайды.

Мемлекет басшысы Арменияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі ретінде атады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде қазақ-армян қарым-қатынасы көптеген бағыт бойынша жоспарға сай дамып келеді. Бұған тұрақты саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар ықпал етіп отыр.

Ален Симонян қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына шынайы ықыласын жеткізді. Ол екіжақты диалогтың басты тетіктерінің бірі ретінде парламентаралық ықпалдастықты нығайту мен сенімді саяси серіктестік орнатудың мәні зор екеніне тоқталды.

Сондай-ақ Ұлттық жиналыс төрағасы Армения Республикасының Қазақстанмен экономикалық байланыстарды жандандыруға мүдделі екенін атап өтті. Оның пікірінше, өзара сауда-саттық көлемін арттыруға ықпал ететін нақты шараларды қолға алу керек.

Армян тарапы орайлы сәтті пайдалана отырып, Қазақстанның Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнатуға күш салғаны үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ален Симонян екі елдің әл-ауқаты мен өрлеуі жолында қазақ-армян қарым-қатынасын жан-жақты нығайтуға бейіл екенін растады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда облысы : Әжетханаға түсіп кеткен телефонды аламын деп өзі де түсіп кетті

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты шұғыл жиын өткізді

admin_qazyr

Түркістан облысында екі жаңа мақта өңдеу зауытының құрылысын бастау рәсімі өтті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz