Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапБасты ақпаратҚазірҚоғамэкономика

Түнгі Алматының шамдары күн сәулесіндей жарқырайды

Алматы қаласы еліміздегі ірі мегаполис  қана емес әсем табиғатымен, тарихи нысандарымен, көрнекті жерлерімен шетелдік қонақтардың қызығушылығын тудырып отырған туристік мекен. Осы орайда қала урбанистикасын көріктендіру маңызды мәселе. Бұл бағытта ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, қала көшелерін жарықтандыру жүйесін жаңарту мен кеңейту бағытындағы  жұмыстар қарқынды жүргізілуде. «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қала көшелері мен жол жиегін жарықтандыруды белсенді түрде жалғастырып жатыр. Бұл туралы кәсіпорын басшысы Игорь Мысик өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген жылжымалы баспасөз турында мәлім етті деп хабарлайды Qazyr.kz.

2019–2023 жылдар аралығында қалалық жарықтандыру жекеменшік компаниялардың басқаруында болды – оны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  аясында үш компаниядан құралған консорциум басқарды. Алайда жекеменшік серіктестер өз міндеттерін сапалы әрі уақытылы  орындамағандықтан, «Алматы қаласының сыртқы жарықтандыруын жаңғырту» жобасы бойынша келісімшарт 2023 жылдың жазында сот тәртібімен бұзылды.  Алматы қаласының әкімі сыртқы жарықтандыруды ретке келтіруді және желілерді «Алматы Қала Жарық» МКК-ға беруді, ал олардың балансын аудан әкімдіктеріне өткізуді тапсырды.

Сондай-ақ, биыл қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен алғаш рет жаяу жүргіншілер өткелдерінде түнгі жарықтандыруды қолға алынды.

Игорь Мысиктің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында қала бойынша 12 000-нан астам жарық нүктесі жаңартылып, 450 тірек орнатылып, 110 шақырым электр желісі тартылған. Қала әкімінің тапсырмасымен биыл жаяу жүргіншілер жолдары мен саябақтарда 5700-ге жуық жарық нүктесі орнатылды. Бұл тұрғындар мен қала қонақтары түнгі уақытта да жайлы әрі қауіпсіз жүруі үшін жасалып отыр.

Әл-Фараби даңғылы бойында (Марков көшесінен Қожанов көшесіне дейін) жаяу жүргіншілерге арналған жаңа жарық желісінің құрылысы басталды. Мұнда да 147 тірек орнатылып, кабель төселіп, шам мен электр жүйесі іске қосылады.

Бұқар Жырау бульвары алматылықтардың кешке серуендеп, тыныстайтын сүйікті орындарының бірі. Себебі онда көп көп жылдық ағаштар бой көтеріп жасыл желекке малынған табиғи зона бар. Демалып отыратан жайлы орындықтар мен спортпен айналысуға арналған жабдықтар орнатылған. Қала тұрғындары кешкі уақытта спортпен айналысып, серуендегенді жақсы көреді. Алайда, онда орнатылған шамдардың тозығы жетіп,  істен шыққан болатын. Заман талаптарына сай келмейтін. Осы олқылықтын орның толтыру мақсатында Алматы жарық мекемесі  43 шам тұғырын  ауыстырды.  Жаңартылған жарық жүйелері энергия үнемдеуші LED шамдармен жабдықталып, экологиялық талаптарға сай жарақталды. Мұндай шамдар жарықты тиімді таратып қана қоймай, ұзақ мерзімділігімен және техникалық сенімділігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, жарықтандыру жүйесі қаланың сәулеттік ерекшеліктеріне қарай үйлестіріліп, көркемдік шешімдермен толықтырылған.

Одан кейінгі мәселе қала көшелеріндегі жарықтандыру шамдары ағаш бұталары мен жапырақтарының көленкесінде қалып, жарық сапасы көмескіленіп кеткендіктен орталық көшелердегі жарық бағаналарының кронштейіндері ұзартылып, қайта жарақтандырылуда.

Мұндай шамдар:

  • Абылай хан даңғылында – 181 дана;
  • Наурызбай батыр көшесінде – 51 дана;
  • Абай даңғылында (Достық даңғылынан Биокомбинат көшесіне дейін) – 109 дана орнатылды.

Алматы жарық мекемесінің мамандары халықтың қажеттіліктері мен ұсыныс- шағымдарына үлкен жауапкершілікпен қарап, ыждағаттылықпен еңбек етуде. Сапалы қызмет көрсету аталған мекеменің негізгі жұмыс істеу принциптерінің бірі. Осы орайда Игорь Мысик былай деп айтты:

«Мемлекет басшысының алматылықтарды сапалы жарықпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау-біздің басты басымдығымыз. Қаланың жарықтандырылуы екі көрсеткішпен өлшенеді: сандық және сапалық.

Қалада шамамен 190 мың жарық нүктесі бар. Сонымен қатар, біз халық арасында сауалнама жүргізу және өз мониторингіміз арқылы 1200-ге жуық жарықтандырылмаған учаскелерді анықтадық. Ағымдағы жылдың 4 айында біздің бригадалар шамамен 4300 қала тұрғындарының өтініштерін пысықтады. Оларды жарықтандыру үшін 22 600 шам орнату керек.

Ақауларды жою мерзімі қазір 5 күнге дейін қысқарды , ал бұрын техникалық қызмет көрсету үшін бірнеше апта қажет болатын. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша біз қызметкерлер құрамын көбейтіп, қосымша техника сатып алдық. Қазіргі таңда электір желілеріндегі ақауларды жөндеу жұмыстарымен күн сайын 40 бригада тәулік бойы кезекшілікке атқарады. Жұмыс сапасы   бір жарым жыл бұрынғы сапамен салыстырғанда  5 есе жақсарған»

Құлагер шағын ауданының тұрғындары Жетісу әкімдігіне көшелерді жарықтандыру мәселесі бойынша өз бұйымтайларын жеткізген болатын. Сол ұсыныстың нәтижесінде бұрын мүлде жарықтандырылмаған Үлкен Алматы каналының бойына ұзындығы 1,3 шақырым жарық желісі салынып жатыр. Қазіргі таңда Жансүгіров көшесінен «Гүлдер» саябағына дейінгі бөлікте 21 тірек орнатылды. Бұндай жобалар қала тұрғындарының жайлы өмір сүру сапасын арттырып, түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Алматы қаласы еліміздің ең тартымды туристік орталықтарының біріне айналып келеді. Туризмнің қарқынды дамуы – инфрақұрылымды жетілдіруді, соның ішінде қаланың түнгі келбетін жақсартуды талап етеді. Туризм мен урбанистика салаларының ұштасуы Алматының жаңа келбетін қалыптастыруда.

2025 жылы қолға алынып отырған  ауқымды  жобалардың бірі – Алматының негізгі 7 көшесінде жарық жүйесін толық жаңарту. Бұлар әл-Фараби, Төле би, Сейфуллин, Абай, Назарбаев, Әуезов пен Наурызбай батыр көшесі. Жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асатын бұл жобада 3 мыңға жуық жарық нүктесін және 1000-нан астам жаңа тірек орнату жүзеге асуда.

Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және қонақтар үшін жайлы орта қалыптастыру – басты басымдықтардың бірі. Бұл бағытта Алматының әкімдігі мен тиісті мекемелер заманауи жарықтандыру технологияларын енгізу арқылы көшелерді, саябақтар мен тарихи нысандарды жарықпен көмкеріп, түнгі қаланың ажарын арттыруда.

Көшесі жарық елдің болашағы да жарқын!

Бердібек Шархан

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

redaktor_qazyr

Қазақстан үш елде жүк терминалын салуды жоспарлап отыр

admin_qazyr

Алматы облысы полициясы Хасан Қасымбаевқа қатысты істің тоқтатылғанын жоққа шығарды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz