Qazyr.kz порталы
Қазір

Өскеменде «Таза ойындар» экологиялық жарысы өтеді

Бүгін Өскемен әлем бойынша танымал экологиялық қозғалысқа тағы да қосылады. «Таза ойындар» 17 мамыр күні «Самал» саябағында өтеді, деп хабарлайды Qazyr.kz

«Таза ойындар» – бұл экологиялық ағартуға бағытталған, адамдарды табиғатты қоқыстан тазартуға ынталандыратын қайырымдылық жобасы. Қатысушылар қоқысты жинап, сұрыптап, қайта өңдеуге тапсырады – бәрі ойын-сауық пен жарыс түрінде өтеді.

Жиналған қалдық көлеміне сәйкес ұпайлар беріледі. Қосымша ұпайларды қоқысты бөлек жинау, квест кезінде табылған ерекше заттар – «артефактілер» үшін және арнайы тапсырмаларды орындау арқылы алуға болады.

Жеңімпаздар сыйлықтармен, сондай-ақ @quartz_ust_kamenogorsk компаниясының қайта өңделген шынысынан жасалған кубоктар мен медальдармен марапатталады.

Сонымен қатар, қатысушыларға сыйлықтар үлестіріліп, экологиялық викторина ұйымдастырылады.

Ойынға қосылу үшін 2–4 адамнан тұратын команда жинап, @clean_games_ukg парақшасының профиліндегі белсенді сілтемесі арқылы тіркелу және ойынға ыңғайлы киіммен келу жеткілікті.

Ойын ережесіне қатысты барлық сұрақтарға жауап пен қажет заттарды ұйымдастырушылар береді.

Жиын және командаларды тіркеу: 9.00.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Kaspi Invest бағдарламасының Kaspi.kz -ке ешқандай қатысы жоқ

redaktor_qazyr

Абай облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында ашық есік күні өтті

admin_qazyr

Бейбіт Исабаев облыстық БАҚ өкілдерімен кездесті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz