Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Алматының индустриалды аймағында үш жаңа өндіріс орны іске қосылды

Алматының индустриалды аймағында үш бірдей жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын пайдалануға берілді. Бұл жобалар қаланың индустриялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асып, өндірістік әлеуетті арттыруға бағытталған  деп хабарлайды Qazyr.kz

«Valtherm» ЖШС – радиатор өндіретін алпауыт

Алюминий және биметалл радиаторлар шығаратын «Valtherm» зауытына 10 млрд теңгеден астам инвестиция салынған. Қазіргі таңда зауытта бес құю машинасы жұмыс істеп, тәулігіне 10 000-ға дейін радиатор секциясы өндіріледі. Болашақта 12 құю машинасына дейін ұлғайту жоспарланған, бұл жылдық өндіріс көлемін 15 миллион секцияға жеткізуге мүмкіндік береді.

Компания инвесторы Юэн Си бұл жобаның Қытайда жинақталған 20 жылдық тәжірибе негізінде Қазақстанда іске қосылғанын атап өтті. Зауытта заманауи анафорезді бояу технологиясы қолданылып, өнімнің беріктігі мен коррозияға төзімділігі 20 жылға дейін сақталады.

«Valtherm» Бас директоры Саин Мұсаевтың айтуынша, компания қосымша 3 гектар аумақта жаңа цехтар салып, газ қазандықтары мен панельдік радиаторлар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.

«Harmony Cable» – отандық кабель өндірісіндегі серпіліс

2024 жылдың желтоқсанында іске қосылған «Harmony Cable» ЖШС кәсіпорны кабель және сым өнімдерін шығарады. Жобаның жалпы құны – 2 млрд теңге. Қуаттылығы – айына 100 тонна мыс өңдеп, жылына 21 600 млн метрге дейін кабель шығару. Кәсіпорында 50 жаңа жұмыс орны ашылды.

Коммерциялық директор Мәди Мұханұлының айтуынша, зауыт Балқаштан жеткізілетін қазақстандық мысты пайдаланып, кабель өндіреді. Сондай-ақ, пластикат – оқшаулағыш материалдарды өз күшімен өндіру бағыты кеңейіп жатыр. Компания ішкі нарықпен қатар Қырғызстан, Тәжікстан және болашақта Еуропа елдеріне экспорт көлемін ұлғайтуды көздейді.

«Telli Ondiris» – отандық косметика нарығында

2024 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істей бастаған «Telli Ondiris» ЖШС косметикалық өнімдер мен тұрмыстық химия өндірісіне маманданған. Жобаның құны – 3 млрд теңге, оның ішінде 465 млн теңге «Алматы қаржы» ЖШС арқылы қаржыландырылған. Қуаттылығы жылына 30 млн бірлікке дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Зауыт алғашқы 10 айда 380 мыңнан астам өнім шығарып, 49 жұмыс орнын құрды. Өнімдер өз брендтерімен (Asiya, Telli, Asia Professional) және келісімшарт негізінде ірі сауда желілері үшін өндіріледі. Кәсіпорын GMP стандарттарына сай салынып, экспорттық нарықтарға шығуға толық дайын.

Алматының индустриялық аймағы бүгінде республикалық маңызы бар өндірістік алаңға айналып отыр. Мұнда жалпы сомасы 142,1 млрд теңгеге 41 жоба іске асырылып, 4 430 жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта тағы 66 жоба дайындық кезеңінде, олардың құны 411,2 млрд теңге, 7 453 жұмыс орны құрылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Роман Скляр Yutong International Co., Ltd басқарма төрағасымен кездесу өткізді

admin_qazyr

Түркістан облысында өзіне қол салған полиция майоры,өліміне бастығы кінәлі екендігі жазып, хат қалдырған.

redaktor_qazyr

Украинада басына оқ тиіп жарақат алған қазақ журналисі Айдос Садықов өмірден өтті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz