Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс: басты айыпталушы Абзал Шынасыл кінәсін мойындаудан бас тартты

Бүгін, 21 мамыр күні, жасөспірім Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша басты айыпталушы Абзал Шынасыл сотта жауап берді. Бұл туралы Qazyr.kz  хабарлайды.

Шынасыл өзінің бейнесін тікелей эфир арқылы көрсетуге қарсы еместігін мәлімдеді. Оның адвокатының айтуынша, ол ашық әрі жариялы түрде жауап беруге дайын екенін көрсеткен.

Алайда сот отырысы барысында Шынасыл бұған дейін мойындаған қылмысынан бас тартты. Оның айтуынша, полиция оларды ұстаған кезде, күдіктілер өзара келісіп, Шерзаттың өлімін оның мойнына арту туралы уағдаласқан.

«Біз – ауылдықпыз, хуторлық емеспіз» – Абзал Шынасыл

Сот процесі барысында басқа айыпталушылар – Равиль Сакиев, Нуркияс Ильясов, Азамат Токтаубаев, Шынгыс Белгожаев және кәмелетке толмаған бір жасөспірім де жауап берді.

Нуркияс Ильясов өзінің жауабында қақтығыс кезінде Шерзатты мылтықтың дүмімен ұрғанын мойындады. Сондай-ақ, прокурор оның әлеуметтік желідегі «Хутор» деген жазуы бар, мылтықпен түскен фотосы туралы сұрақ қойды. Бірақ Ильясов бұл сұраққа жауап беруден бас тартты.

Тағы бір айыпталушы – Азамат Токтаубаев, үй қамақта бола тұра, қылмыс болған түні көшеде жүргенін мойындады және тергеу барысында жалған мәлімет бергенін растады.

Шынгыс Белгожаев өз жауабында бастапқыда марқұмның ағасын соғамын деп ойлағанын, бірақ бейнежазбаны көргеннен кейін Шерзатты ұрғанын түсінгенін айтты.

Сот отырысында оқиғаның куәгері түсірген, Шерзат Полатты жабыла соққыға жыққан сәт бейнеленген видео көрсетілді. Бейнежазба балконнан түсірілген және қатыгездікпен жасалған шабуылды нақты көрсетеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде еңбекке жарамсыздық парағы тек электронды түрде берілуі мүмкін

redaktor_qazyr

Күні ертең Шағыр ауылында ересектер арасында ұлттық спорт түрінен сайыс өтеді

redaktor_qazyr

Алматыда үш жыл ішінде миллионнан астам ағаш отырғызылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz