Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазірэкономика

Грант бөлудегі басымдықтар: Түркістан жастары жұмысшы мамандықтарына бағытталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Бұл бағытта Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Биыл мамандарды даярлауға бөлінетін 15 мыңнан астам гранттың 9 500-і, яғни 63,3 пайызы жұмысшы мамандықтарына бөлінеді. Сондай-ақ, аталған салаға берілетін гранттар 1 000 орынға ұлғайтылады.

Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау бағытында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге өседі деп күтілуде. Бұл –колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, педагогтардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда өңірдегі 50 колледжде 45 мыңнан астам студент білім алуда. Биыл облыстағы арнайы білім беру мекемелеріне 15 мыңнан астам грант бөлінуде. Сонымен қатар, жаңадан 11 жұмысшы мамандығына лицензия алынады.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыста «WOOSONG-TURKISTAN» IT университеті бой көтеруде. Онда 4 факультетте 2 340 студент «Жасанды интеллект және үлкен ақпараттар талдауы», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Әлемдік төртінші IT өнеркәсіптік революция», «Мультимедия және Web дизайн» мамандықтары бойынша  білім алады.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

2029 жылы Апофис астероиды жерге жақын аралықтан өтуі мүмкін — Ғалымдар алаңдаулы

redaktor_qazyr

Қазақстанда қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге ұлғаяды

redaktor_qazyr

Мұнай биржасындағы аумалы-төкпелі заман: Қазақстан бұған дайын болып отыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz