Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазірТарих

Болашақ зерттеушілерге жол ашық: «Киелі Шығыс» жобасы жалғасуда

Шығыс Қазақстанның 6 мыңнан астам оқушысы туған өлкенің тарихы мен табиғатын тереңірек тануға мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Qazyr.kz

«Киелі Шығыс» жобасына Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы білім беру мекемелерінің 7-8-сынып оқушылары қатысады.

Жоба екі кезеңде өткізіледі:

1-кезең – «Киелі Шығыс» интеллектуалдық конкурсы;

2-кезең – ШҚО бойынша оқу-танымдық турлар.

Бірінші кезең 2 сәуірде онлайн платформада барлық аудан мен қала мектептерінде өтті. Конкурсқа 6 144 оқушысы қатысты. Қатысушылар өңірлік компоненттерге байланысты «Қазақстан тарихы», «География», «Биология», «Әдебиет» пәндерінен тест тапсырмаларын орындады. Конкурстың жеңімпазы болған 200 оқушы маусым айында 4 бағыт бойынша оқу-танымдық турларға қатысады: Берел (Катонқарағай ауданы), Қиын-Керіш (Күршім ауданы), Таулы Үлбі – Риддер қаласы, Сібе көлдері – Марин жартасы.

Оқу-танымдық турлар бағдарламасына экскурсиялар, шеберлік сабақтары және туризм негіздері бойынша оқу-практикалық сабақтар енгізілген. Сондай-ақ туған өлкенің дәстүрлері, мәдениеті мен мұрасын зерттеу көзделген.

Оқушыларға ұйымдастырушылар, гид-экскурсия жүргізушілер, туризм бойынша кәсіби жаттықтырушылар, мұғалімдер, медицина және полиция қызметкерлері ілесіп жүреді.

Балалар үшін Шығыс Қазақстанның мұражайларын, қорықтарын, мәдени-тарихи ескерткіштерін, киелі орындарын, табиғи ұлттық парктерін көруге – бірегей мүмкіндік болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында полицей суға кеткен қызды құтқарып қалды

redaktor_qazyr

Атырау облысында итті тірідей өртеп жіберген балалар қамауға алынды

redaktor_qazyr

Қазақстанда алғаш рет суперкомпьютерлік кластер іске қосылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz