Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазір

Алматы – халықаралық медициналық ынтымақтастық орталығына айналды

Алматыда Орталық Азия мен Қытай арасындағы нейрохирургиялық форум өтіп, әлемнің әр түкпірінен келген жетекші мамандар бас қосты деп хабарлайды Qazyr.kz

Форум – бас және жұлын миы ауруларын емдеудегі заманауи тәсілдер талқыланатын бірегей алаң. Мұнда дәрігерлер, ғалымдар мен нейрохирургия саласындағы сарапшылар тәжірибе алмасып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда. Іс-шара аясында әлемнің жетекші клиникаларында қолданылатын озық медициналық жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды.

Нейрохирургтар қоғамының төрағасы Марат Рабандияровтың айтуынша, форумда балалар нейрохирургиясындағы өзекті мәселелер, атап айтқанда эпилепсияны, туа біткен даму ақауларын және ми ісіктерін хирургиялық жолмен емдеу әдістері қарастырылды.

– Форумның екінші күні аясында №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында Қытайдан келген әріптестермен бірлескен халықаралық кеңейтілген палата аралау жұмысы өтеді, – деді ол.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының бас нейрохирургі Ермек Дүйсембеков қазіргі нейрохирургияның өте жылдам дамып жатқанын zyrатап өтті.

– Бүгінде тіпті жүктілік кезеңінде де нейрохирургиялық операциялар жасалады. Бұрын армандаған күрделі операциялар бүгінде шындыққа айналды. Бұл – нейрохирургтардың жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді, – дейді маман.

Форум тек ғылыми алаң ғана емес, сонымен қатар жас дәрігерлер үшін білім мен тәжірибе орталығы. Жас мамандар жетекші нейрохирургтардан үйреніп, жаңа технологиялармен тікелей танысу мүмкіндігіне ие болды. Біліктілікті арттыру – медицина саласының маңызды бағыты.

Қазақстандық нейрохирургтар АҚШ, Түркия, Жапония сынды елдерде тұрақты түрде білім алып, тәжірибе жинақтауда. Сонымен қатар, олар Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей және басқа елдердегі әріптестеріне мастер-кластар өткізіп, өз білімдерімен бөлісіп келеді.

Шэньчжэнь медициналық университетінің профессоры Ванг Ёнгхин Қазақстан мен Қытай арасындағы серіктестікке жоғары баға берді.

– Мен Қазақстандағы нейрохирургияның болашағын жарқын деп санаймын. Біз ынтымақтастығымызды дамытып, жиі кездесіп, тәжірибе алмасуды көздейміз. Алматы нейрохирургтары тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлем бойынша үздіктердің қатарында, – деді профессор.

Форум халықаралық әріптестікті нығайту, ғылым мен білімді біріктіру арқылы заманауи медицинаға жаңа серпін беруде.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібас — Арыс учаскесінде жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетіп,опат болды

redaktor_qazyr

Атырауда қарт анасы мен әкесін 25 жастағы ұлы өлтіріп,өзіне қол салды

redaktor_qazyr

Су тасқыны орын алған аймақтардағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшіріледі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz