Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірСаясат

Тоқаев Google компаниясының өкілі Патрик Ворнкингті қабылдады

Астана халықаралық форумы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесті.

Президент компанияның еліміздегі цифрлық трансформацияға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу жөнінде стратегиялық мақсат қойғанын жеткізді. Аталған стратегия тіршіліктің барлық саласына жасанды интеллектіні енгізуді көздейді. Ол үшін еліміз цифрлық және коммуникациялық инфрақұрылымға, сондай-ақ есептеу қуатын арттыруға белсенді түрде инвестиция құйып жатыр.

Патрик Ворнкинг жасанды интеллектіні пайдаланып, цифрлық келешекке жол ашу үшін инфрақұрылым әзірлеу және маман даярлау ісінде Қазақстанның қол жеткізген табысына жоғары баға берді.

Ұқсас жаңалықтар

ЕЛОРДА КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА 1000 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

redaktor_qazyr

Африка президенттері Трамп тұсында АҚШ-пен қарым-қатынасты нығайтуға ниетті екенін айтты

redaktor_qazyr

Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz