Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғамэкономика

Шетелдік маркетплейстерден тауар сатып алуға 5% салық салынады: нені білу керек?

Соңғы жылдары қазақстандықтар шетелдік интернет-дүкендерден, әсіресе AliExpress, Amazon, iHerb секілді маркетплейстерден жиі сауда жасайтын болды. Енді осы онлайн сатып алуларға байланысты жаңа өзгеріс енгізіліп отыр: шетелдік маркетплейстерден тапсырыс берген тауарларға 5% салық салынады деп хабарлайды Qazyr.kz

Енді Қазақстанға шетелдік онлайн платформалар арқылы келген тауарларға автоматты түрде 5% ҚҚС есептеледі. Яғни сіз бір тауарға 10 000 теңге төлесеңіз, қосымша 500 теңге салық төлеуге тура келеді.

Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Енді барлық шетелдік маркетплейстер Қазақстан аумағына тауар жіберген кезде осы салықты ескеруге міндетті.

Бұл салық жеке тұтынушыларға арналған. Яғни жеке адамдар шетелден онлайн сауда жасағанда бұл салық автоматты түрде төлемге қосылады. Егер сіз заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тауар алсаңыз, салық салу тәртібі басқа болады.

Тауарлардың жаңа санаты: шетелдік интернет-алаңдарда жеке тұлғалармен сатып алынған тауарлар «электрондық сауда тауарлары» жеке санатына бөлінетін болады.

Электрондық сауда операторының енгізу тізілімде тіркелген және жеке тұлғалардың атынан осындай тауарларды декларациялауды жүзеге асыратын заңды тұлға — электрондық сауда операторының институты пайда болады.

Жаңа кедендік декларация электрондық сауда тауарлары үшін арнайы кедендік декларацияның жаңа түрі енгізіледі.

Баждың бірыңғай ставкасы: электрондық сауда тауарлары үшін тауарлар құнының 5% мөлшерінде кедендік баждың бірыңғай ставкасы белгіленетін болады. Бұл ретте құны 200 еуро бажсыз әкелу нормасынан аспайтын тауарларға мұндай баж салынбайтын болады.

Мемлекет салықтық әділеттілік орнату мақсатында бұл қадамға барып отыр. Қазір еліміздегі дүкендер мен отандық онлайн платформалар ҚҚС төлейді. Ал шетелдік маркетплейстер салықсыз сауда жасап келді. Бұл – бәсекеге сай келмейтін жағдай. Жаңа тәртіп осы олқылықтың орнын толтыру үшін енгізілді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Әскердегі әлімжеттік: «айтсаң тоқылдақсың!»

redaktor_qazyr

Шетелде еңбек етіп жүрген қазақстандықтар бақылауға алынады

redaktor_qazyr

Жамбылдағы ең үлкен көлдің тартылғаны елді алаңдатып отыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz