Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғам

Алакөлде тәртіп орнады: Жүзу құралдарына бақылау күшейіп, жағажайлар жаңғыртылуда

Жетісу облысында Алакөл көлінде жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысы мәселесі шешімін тапты. Облыстық мәслихат сессиясында бекітілген су пайдалану қағидаларына сәйкес, қауіпсіздік талаптарын бұзғандарға жауапкершілікке тартылады деп хабарлайды Qazyr.kz

Сонымен қатар, көліктік бақылау инспекторларының саны артып, шомылу маусымында көл жағалауының санитарлық жағдайы жіті қадағаланады.

Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатовтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі туризмді дамыту жайы талқыланды. Алакөл мен Балқаш көлдеріндегі шомылу маусымына дайындық, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы мен туристерге қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралды.

2024 жылы Жетісу өңіріне 2 млн-ға жуық турист келген. Туризм саласындағы қызмет көлемі мен бюджетке түсетін салық айтарлықтай артқан. Алакөлге баратын жолдар, соның ішінде «Үшарал – Достық» бағыты мен әуежайдың ұшу-қону жолағы жөнделді. Алматы, Астана, Өскемен сынды қалалардан 12 пойыз қатынауда.

Туристік инфрақұрылым да дамуда: жағажайда қосымша қоқыс жәшіктері, санитарлық тораптар орнатылып, жаңа электр станциясы мен жоғары вольтты желілер салынып жатыр. Ақши кәріз-тазарту нысандарының құрылысы басталды. Жағалауды нығайту, байланыс пен интернет сапасын жақсарту жұмыстары да жүргізілуде.

Балқаш көлі маңындағы «Балқаш» демалыс аймағында инженерлік желілер салынып жатыр. Ал «Қорғас» халықаралық орталығында туристерге сапалы қызмет көрсету шаралары қолға алынған.

Жиын қорытындысында туристік нысандардың көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету, жобаларды уақытылы әрі сапалы іске асыру, инвестиция тарту бағытында нақты тапсырмалар берілді. Биыл облысқа 97 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда үш жыл ішінде миллионнан астам ағаш отырғызылды

admin_qazyr

ҚАРБЫЗДАН УЛАНУДАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ?

redaktor_qazyr

Таң атпай Шымкенттегі «Кең баба» саябағында өрт шықты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz