Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғам

Алматыда бірнеше жыл қаңырап тұрған құрылыс нысаны сүріліп жатыр

Алматыда сот шешімімен Оңдасынов көшесі, 37/12 мекенжайында орналасқан құрылыс нысаны сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Жартылай салынған құрылыс нысаны бірнеше жыл бойы қараусыз қалған. Тексеріс нәтижесінде ғимараттың қатты тозғаны, коррозияға ұшырағаны анықталып, оны бұзу қажет деген шешім қабылданған.

Бұған дейін басқарма тарапынан меншік иесіне (жеке тұлға) күрделі пішіндегі темірбетон құрылымын бұзу арқылы анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген болатын.

Алайда нұсқамада көрсетілген талаптар орындалмағандықтан, 2024 жылы 29 қаңтарда басқарма Бостандық аудандық сотына мәжбүрлеп орындату туралы талап арыз жолдаған.

2024 жылы 27 мамырда сот басқарманың талап арызын қанағаттандырды. Содан кейін іс Әділет департаментіне орындауға берілді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында оныншы полиция сыныбы ашылды

redaktor_qazyr

Қайрат Астана ойын: Трибуна рухы тазалыққа ұласты

admin_qazyr

Олжас Бектенов вирустық аурулар маусымында медициналық қызмет көрсету сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz