Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғам

Дархан Сатыбалды Алматыда Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда «Батыр» Президенттік полкінің арнайы тобы Ту көтеру салтанатты рәсімін өткізді, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Патриоттық іс-шара тау баурайындағы «Медеу» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер тұста Б. Байқадамов атындағы хор капелласы мен Алматы гарнизонының үрлемелі оркестрі Мемлекеттік Әнұранды орындады.

Ал, салтанатты іс-шарадан кейін көпшіліктің назарына қаладағы жетекші шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Көрермен «Қазақстаным», «Отан», «Туған жер», «Туған жерім тамаша», «Сүйікті елім», «Мен Қазақпын», «Ұлы дала», «Қазағым», «Атамекен» сынды бірқатар патриоттық әрі эстрадалық композицияны тыңдады.

Қоса кетейік, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар қала аудандарында жалғасып жатыр.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда жүзеге асатын жаңа құрылыс нысандарының сәулеттік жобалары талқыланды

redaktor_qazyr

Мұрат Нұртілеу Солтүстік Македония сыртқы істер министрімен кездесті

admin_qazyr

Арыс қаласында 21 қараша күні уақытша дабыл жүйесі іске қосылады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz