Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымы жаңғыртылады

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың ұзақ мерзімді тұжырымдамасы әзірленді. Бұл құжат саланың ғимараттары мен құрылыстарын, материалдық-техникалық базасын және кадрлық әлеуетін жаңғырту арқылы жүйелі әрі кешенді дамытуды көздейді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда ел аумағындағы денсаулық сақтау нысандарының цифрлық картасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп іске асырылуда. 2024 жылы республика бойынша 10 өңірдің медициналық инфрақұрылым объектілері қамтылып, оларды ақпараттық жүйелермен ішінара интеграциялау аяқталған. 2025 жылы қалған өңірлерді қамту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде. Бұған ЖИ-болжау модельдері, аналитикалық анықтамалар мен ұсынымдарды автоматты түрде қалыптастыратын жүйелер, сондай-ақ тәуекелдерді басқару механизмдері жатады.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында 34 ірі жоба қолға алынған. Оның ішінде ұлттық ғылыми орталықтар, перинаталдық және көпсалалы ауруханалар, балалар мекемелері мен университеттік клиникалар бар. Қазіргі уақытта үш маңызды нысан іске қосылды: Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық пен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы. Биыл Алматыдағы жұқпалы аурулардың Ұлттық ғылыми орталығын ашу көзделген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Заманауи ауыл шаруашылығы: ветеринариялық-санитариялық сараптама цифрландырылады

admin_qazyr

Фариза Оңғарсынова — Мен сізді ұнатамын

redaktor_qazyr

Саудагер

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz