Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Дархан Сатыбалды: Әлеуметтік нысандардың құрылысы басты басымдықта болуға тиіс

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Алмалы ауданына барып, ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Бағдарлама аясында Жамбыл, Шәріпов, Шевченко және Досмұхамедов көшелерінің аумағындағы 15 ескі үйден 78 отбасы көшірілді. Бұл жерде 7 көпқабатты тұрғын үй салынды, тағы бір үйдің іргетасы қазылып жатыр. Соның нәтижесінде бұл ауданда тұратын тұрғындар саны айтарлықтай өсті. Қазір мұнда шамамен 600 отбасы тұрады, бұл қолданыстағы инфрақұрылымға қосымша салмақ салып отыр.

Жаңарту жобасымен танысқаннан кейін Дархан Сатыбалды инженерлік инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарға түсетін салмақты есептеу туралы тапсырма берді.

«Ең әуелі құрылысқа рұқсат берген кезде инженерлік желілер мен жол инфрақұрылымына түсетін салмақты ескеруіміз қажет. Өйткені тұрғындар саны артқан сайын бұл жүктеме де көбейеді. Ал әлеуметтік нысандардың құрылысы басты басымдықта болуға тиіс», – деді Алматы әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Олимпиада жеңімпаздарына ай сайынғы төлем мөлшері бекітілді

admin_qazyr

Қазақстанда «Үздік педагог» байқауы басталды

Redaktor Site

2023 жылғы 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz