27.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғамэкономика

Президент Stadler Kazakhstan зауытымен танысты

Мемлекет басшысына Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды деп хабарлайды Qazyr.kz

Жаңа вагондардың басты артықшылығы – жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруды көздейтін заманауи инженерлік шешімдер. Қатаң климаттық жағдайға бейімделіп жасалған вагондарды қолдану мерзімі – 40 жыл.

Кәсіпорын купе, плацкарт және қозғалысы қиын жолаушылар үшін арнаулы вагондар шығарады. Биыл 51 вагонды, ал 2030 жылға дейін 557 жаңа вагонды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл ұлттық тасымалдаушының вагон паркін толығымен жаңартуына мүмкіндік береді. Өндірісті локализациялауға қазақстандық кәсіпорындар тартылған.

Президент темір жол саласының жұмысшыларымен әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа темір жол қатынасы жүйесін жаңғырту барысы жөнінде есеп берілді. Бүкіл ел бойынша 125 вокзалға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық серіктестермен бірлесіп, жолаушы тасымалдау жүйесіндегі қызмет көрсету сапасын арттыруға және өңірлердегі көлік байланысын жақсартуға бағытталған шешімдер енгізіліп жатыр.

Атап айтқанда, отандық ІТ компаниялар жолаушыларға арналған бірыңғай цифрлы платформа әзірледі. Бұл билет сатып алудан бастап туристік қызмет көрсетуге дейінгі көптеген функцияны біріктіреді. Сондай-ақ пойыздар спутниктік интернетке қосылады. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында видеотіркеулер, мобильді терминалдар, жасанды интеллект технологиясы негізінде мәліметтерді талдауға қабілетті 4 мың камера пайдаланылады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 5 сәуірден бастап мопедтерді ресми тіркеледі

redaktor_qazyr

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

admin_qazyr

Ақтөбеде айрандай ұйып отырған отбасының барлық мүшелерін бір күнде тұтқынға алған қаскөй ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz