Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Индустрия және агросектор: Үкімет басшысы Қарағандыдағы ірі жобалармен танысты

Олжас Бектенов Қарағанды облысындағы ірі өндіріс ошақтарын аралап, мемлекеттік жобалармен танысты деп хабарлайды Qazyr.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді.

Сапар барысында Саран қаласындағы «Saran» индустриялық аймағының жұмысы, оның ішінде жылына 50 мың тонна өнім шығаратын мырыштау зауыты мен «Tengri Tyres» шиналар зауыты таныстырылды. Бұл кәсіпорындар импортты алмастырып, ішкі нарық қажеттіліктерін өтеуге бағытталған.

Сондай-ақ Премьер-министр тұрмыстық техника шығаратын «Silk Road Electronics» зауытында және Саран шахтасында болып, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен цифрландыру шараларына баса назар аударды.

Теміртаудағы «Qarmet» металлургиялық комбинатында Олжас Бектенов жаңа қуат көздерін іске қосу, кокс батареялары мен құю-прокат кешені құрылысы, сондай-ақ ШОБ белдеуін дамыту жобаларымен танысты. Жылу желілерін жаңарту жұмыстары да бақылауда болды.

Агроөнеркәсіптік кешен саласында Премьер-министр Нұра ауданындағы «Рамадан сүт фермасының» құрылысымен танысып, саладағы инвестициялық жобалар мен ауылдағы өмір сапасын арттыру мәселелеріне тоқталды.

Үкімет басшысы Қарағанды облысы экономиканы әртараптандырудағы маңызды өңір екенін атап өтіп, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруды әрі қарай күшейту қажеттігін айтты. Импортты алмастыру мен заманауи технологияларды енгізу – негізгі міндеттер қатарында.

 

Ұқсас жаңалықтар

Өскемен: Танымал спортшыны пәтердің кіреберісінде атып кетті

redaktor_qazyr

Оралдағы «Құс фабрикасы» саяжайының тұрғындары жарықсыз қалып,халық ереуілге шықты

redaktor_qazyr

Алматыда 2100-ден астам жас «Жасыл ел» экологиялық жасағына жұмысқа орналасады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz