Qazyr.kz порталы
ӘлемЖаңалықтарҚазір

Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады

Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде «Эгмонт» тобының маңызы зор екеніне назар аударды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады.

Президент заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын  жеткізді.

Эльжбета Франков-Яскевич Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында 5,5 мың орындық үш мектеп ашылды

admin_qazyr

Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі ұлғайды

admin_qazyr

Су тасқынының алдын алу жөніне Үкімет отырысы өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz