Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғам

Жетісуда 56 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Жалпы өңір көлемінде аталған бағдарламаға жыл басынан бері 96 мыңнан астам адам қатысып, 56 491 түп көшет отырғызылған,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Облыста елді мекендерді абаттандыруға тұрақты түрде көңіл бөлінеді.

— Мәселен, 2025 жылдың басынан бері 25 балалар және спорт алаңдары абаттандырылып, 16 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделді, 2 км арық желілері жабдықталды, 69 ескерткішті қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Сол сияқты 21 саябақ, соның ішінде аллеялар мен скверлер де, 2 орталық алаң, 3 ескерткіш, 51 аула, 58 балалар мен спорт алаңдарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 94 көпқабатты тұрғын үйдің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу, сондай-ақ 15,5 шақырым арық желілерін жабдықтау жұмыстары басталды. Ал 279 шақырым көшеге жарық шамдары орнатылуда, — деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.

Атап өтсек, облыс аумағында жедел басқару орталығына қосылған 14,8 мыңға жуық бақылау камерасы жұмыс істейді. Олардың бір бөлігі сыртқы бақылауды қамтамасыз етсе, тағы бір бөлігі білім беру мекемелерінде орнатылған. Аталған камералар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалықты қадағалауға мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ, облыста телеграмм-бот іске қосылған сәттен бастап 466 өтініш келіп түскен, соның 404-і орындалды, ал 62-сі «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасына қатысты болмағандықтан, қарастырылмады.

Жалпы облыс бойынша аталған бағдарламада бүгінгі күнге дейін  96 мыңнан астам адам қатысты. Соның нәтижесінде 56 491 түп көшет отырғызылып, 6 218 тонна қоқыс шығарылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жемқорлыққа төзбеушілік – әрқайсымыздың міндетіміз» – Елнұр Бейсенбаев

redaktor_qazyr

Қазақстан мен Ауғанстан Тургунди–Герат теміржолын салу туралы уағдаласты

admin_qazyr

Орман шаруашылықтарына өрт сөндіру техникасын жаңартуға 26 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz