Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Жетісу университетінде Қабылдау комиссиясының жұмысы қарқынды жүргізілуде

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіндегі қабылдау комиссиясының жұмысымен танысу мақсатында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев арнайы келді. Жалпы, еліміз бойынша қабылдау комиссиялары жұмысын 20 маусымда бастаған. Маусымдық науқанның жұмысын тиімді ұйымдастыру барлық жоғары оқу орындары үшін өте маңызды. Жетісу университеті – өңірдегі бірден-бір оқу орны болғандықтан, бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Университет әкімшілігі қабылдау комиссиясының жұмысы басталған күннен бастап талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін барлық қолайлы жағдайды қарастырды. Университет ауласына арнайы шатырлар құрып, қосымша орындықтар қойып, ауыз су қондырғыларын орнатты. 13 шілдеде мемлекеттік білім беру грантына құжаттар қабылдау басталғаны белгілі. Осы аралықта қабылдау комиссиясының жұмысы күшейтіліп, барлық ресурстар іске қосылды. Қабылдау комиссиясы демалыссыз жұмыс кестесіне көшті.

Құжат қабылдау науқаны талапқа сай ұйымдастырылып, барлық үміткерлерге жоғары деңгейде қызмет көрсетілуде. Облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев қабылдау комиссиясының жұмысымен жақынырақ танысып, құжат өткізуге келген талапкерлер және олардың ата-аналарымен тілдесті. Университет басшылығының талапкерлер үшін жасаған қолайлы жағдайын көріп, қызметкерлерге әр талапкерге ізеттілікпен қарап, барлық сұрақтарына мұқият жауап беруді тапсырды.

Өтініш білдірген барлық талапкерлердің құжаты міндетті түрде қабылданады. Кезек талон арқылы электронды түрде белгіленеді. Ата-аналарға уайымдап, таңнан келіп кезек алудың еш қажеті жоқ. Барлық талапкерлер құжат тапсырып үлгереді. Қабылдау комиссиясының жұмысы Басқарма төрағасы – ректордың бақылауында.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік білім грантына құжат қабылдау 13–20 шілде аралығында өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы облысында 6 ай комада жатқан сарбаздың анасы әділдік іздейді

redaktor_qazyr

Жетісу облысында есірткі зертханасын басқарған трансұлттық топ құрықталды

admin_qazyr

ҚазМұнайГазда компаниялар тобында өндірісте 43 мыңнан астам адам еңбек етеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz