Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Жетісу облысында 83 ойын және спорт алаңы салынды

2025 жылы облыс бойынша 83 балалар ойын алаңы мен спорт алаңдарын жаңадан салу және аббаттандыру жүргізілуде. Соның ішінде 58-і жаңадан салынып, 25-і ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Бүгінгі күнге 25-інде құрылыс жұмыстары аяқталды, оның ішінде 7-еуі – жаңадан салынған ойын алаңдары,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұл шаралар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында тұрғын үй аулаларын абаттандыру бағытында атқарылып отыр.

Атап айтқанда, Текелі қаласында 27, Талдықорған қаласында 21, Ақсу ауданында 20, Қаратал, Көксу аудандарында 5-тен,  Кербұлақ ауданында 4, Сарқан ауданында 1 балалар және спорт алаңы абаттандырылуда.

Елді мекендердің тұрғындары балалар ойын және спорт алаңдары салынғанына ризашылық білдіруде.

— Текелідегі «Металлург» шағын ауданы Бөлтірік шешен көшесінде тұрып жатқаныма 30 жыл болды. Үйіміздің алдына жаңадан балалар ойын алаңы салынды. Кешкілік немерелерімді алып шығып ойнатамын, өзім де арнайы қойылған орындықтарда көрші-қолаңмен әңгіме-дүкен құрып отырамын. Сапалы жасалған, көңілім толды. Балалар да, біз де қуанып жатырмыз, — дейді текелілік тұрғын Қанат Сейсенбаев.

 

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев: Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды

redaktor_qazyr

Түркістан облысының мектептерінде 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен оқушыларға білім беріп жүрген

redaktor_qazyr

АЭС туралы тұрғындардан сұхбат алған «Орал апталығы» газетінің бас редакторы Тамара Еслямованың басы дауға қалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz