Qazyr.kz порталы
Қазір

Алматы тауларында жоғалған 20 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

2025 жылғы 29 шілдеде Іле Алатауындағы Пик Молодёжный шыңынан 20 жастағы қазақстандық Аланның мәйіті табылды. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Qazyr.kz.

Іздестіру-құтқару операциясы 27 шілде күні басталған. Алан таңертеңгі уақытта тауға шығып, байланысқа шықпай қойған. Жақындары әлеуметтік желілерде көмектесу туралы үндеу жариялаған.

Құтқарушылардың мәліметінше, Пик Молодёжный – теңіз деңгейінен 4 мың метр биіктікте орналасқан Іле Алатауы жотасындағы күрделі таулы аймақ. Құтқару операциясы 5 сағатқа созылған.

Іздеу жұмыстарына келесідей күштер тартылды:

Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы;

50-ден астам құтқарушы мен ерікті;

8 дрон (беспилотник);

8 бірлік арнайы техника;

3 кинологиялық топ.

Осыған дейін, шілде айының басында да Алматы маңындағы тауларда 18 жастағы жасөспірім жоғалып, кейін оның да денесі табылған болатын. Бұл қайғылы оқиғалар таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін тағы да еске салады.

Ұқсас жаңалықтар

Алдағы 3-4 айда үшінші дүниежүзішік соғыс басталып кетуі мүмкін- Дональд Трамп

redaktor_qazyr

STADA алғаш рет Қазақстанда Top Employer 2025 атағына ие болды

redaktor_qazyr

2024-2025 жылғы оқушылардың оқу және демалыс уақыты бекітілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz