28.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
БілімҚазір

Қазақ оқушылары Боливиядағы халықаралық информатика олимпиадасында топ жарды

Боливияның Сукре қаласында өткен халықаралық IOI-2025 информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар ел мерейін үстем етті. Еліміздің жас дарындары үш күміс, бір қола медаль иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qazyr.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IOI (International Olympiad in Informatics) — 1989 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең беделді бағдарламалау жарыстарының бірі. Қазақстан бұл олимпиадаға 1998 жылдан бастап қатысып келеді. Осы уақыт аралығында еліміздің оқушылары 75 медаль жеңіп алған.

Биылғы IOI-2025 додасында еліміздің атынан өнер көрсеткен жас бағдарламалаушылардың нәтижелері мынадай:

Күміс медаль иегерлері:

Максим Цой — 11 сынып, Республикалық физика-математика мектебі (Алматы);

Мансур Мамадахунов — 10 сынып, БИЛ (Қызылорда облысы);

Әкежан Асқар — 11 сынып, НЗМ (Семей).

Қола медаль иегері:

Даужан Бекетов — 9 сынып, Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицей.

Сонымен қатар, шілде айында Австралияда өткен халықаралық математикалық олимпиадада (IMO-2025) қазақстандық оқушылар алты медаль жеңіп алып, Орталық Азия елдері арасында алдыңғы орыннан көрінді.

Бұл жетістіктер — ел болашағы саналатын жас буынның талпынысы мен білімге деген құштарлығының жарқын дәлелі.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Журналист Амангелді Батырбеков 20 күнге қамалды

redaktor_qazyr

Қазақстанда 10 мыңнан аса бастауыш сынып мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz