28.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Энергия және табиғат: экологиялық шешімдер

Серебрянск қаласында «Болашаққа арналған экологиялық шешімдер: энергия, жылу және табиғат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Іс-шараға белсенді жастар, қоршаған ортаны қорғау саласының мамандары, мемлекеттік мекеме өкілдері және өңірдің экологиялық тұрақты дамуына бейжай қарамайтын азаматтар қатысты.

Кездесудің бастамашысы және ұйымдастырушысы – Алтай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ. Негізгі қатысушылар қатарында «Өскемен орман шаруашылығы» КММ, «Кіші Үлбі» орманшылығының өкілдері, сондай-ақ Алтай ауданы Жастар ресурстық орталығының әдіскері – М.Құттыбаева болды.

Іс-шараның басты мақсаты – экологиялық білімді ілгерілету және табиғатқа жауапты көзқарасты қалыптастыру. Қатысушылар энергия мен жылуды ұтымды пайдалану, табиғи ресурстарды тиімді басқару, биологиялық алуан түрлілікті сақтау және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстел аясында қазіргі экологиялық сын-қатерлер, табиғи экожүйелерге әсер ететін антропогендік факторлар және оларды бейтараптандыру жолдары туралы баяндамалар ұсынылды.

Сондай-ақ өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту бойынша нақты бастамалар көтерілді – жасыл желектер отырғызудан бастап жастар арасында ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға дейін.

Маңызды нәтижелердің бірі – түрлі құрылымдардың күш-жігерін біріктіру және бірлескен іс-қимыл жоспарын қалыптастыру болды. Қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастырудың және халықтың тұрақты даму мәселелеріне қатысты хабардарлығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара табиғатты сақтау мен өңірдегі өмір сапасын жақсартуға бағытталған осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуге және ынтымақтастықты жалғастыруға шақырумен аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай энергетикалық жүйелері қатар жұмыс істейді

redaktor_qazyr

«Мектептегі жемқорлық» Қашан жастар ақша бермей жұмысқа тұрады? — Жас маман министрдің бетіне айтты

redaktor_qazyr

Тоқаев: «Әйелдер ер адамдармен салыстырғанда, жемқорлыққа бейім емес»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz