Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Қазақстанда «үй жанындағы дүкендердегі» бағаларды бақылау күшейтіледі

Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Қазақстанда бағаларды бақылауды күшейтуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған шаралар іске асырылуда. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді.

«Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ӘМАТ бағасын талдау модулі іске асырылуда», — деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңға жуық АӘК алушылардың қатысуымен өткізу жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодарда шенеуніктер 144 миллион теңге жымқырған

admin_qazyr

“Сыраны бүгініміз жарқын болуы үшін қайнатамыз”: Депутат Өскемендегі жөнсіз жарнамаға шүйлікті

Redaktor Site

Түркістан обл: Сыпатаев және Төрткөл ауылдары арасындағы трассаны қалпына келтіру жөндеу жұмыстары аяқталып келеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz