19.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматыда ойыншықтар контрафакті әшкереленді

Алматыда контрафакт ойыншықтардың айналымы тоқтатылды,- деп хабарлайды Qazyr.kz

«Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы және әділет департаментінің қызметкерлері қаладағы сауда орындары мен қоймаларға рейд жүргізді.

Тексеруге бір компанияның өз тауар таңбаларының заңсыз пайдаланылғаны туралы ресми өтініші негіз болды. Нәтижесінде қаладағы бірнеше базар мен қоймадан түпнұсқаға ұқсас жалған конструкторлардың партиялары анықталды. Барлығы 2 миллион теңгеден астам соммаға 1 мыңнан аса жалған өнім тәркіленді.

— Контрафакт тек брендтердің құқықтарын бұзып қана қоймайды, ең алдымен тұтынушыларға, әсіресе балаларға арналған тауарлар туралы болғанда, тікелей қауіп төндіреді. Мұндай өнімдер улы, сапасыз немесе жарақат келтіруі мүмкін. Біз осындай құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмысты күшейтудеміз, – деді Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев.

Тәркіленген тауарлар сапасыз, таңбаланбай, өндіруші туралы ақпаратсыз болған. Бірлескен іс-шаралардың қорытындысы бойынша жиналған материалдар сотқа жолданды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі саяси форумының министрлік сегментіне қатысады

admin_qazyr

Путин Трамппен Украинадағы соғысты тоқтату туралы келіссөзге дайын,бірақ Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы

redaktor_qazyr

Сыни материалдарды көрген министрліктер, әкімдіктер ақпаратты алдыртып тастауға күш салады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz