19.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазір

Олжас Бектенов шекарадағы өткізу бекеттері жұмысын сынға алды

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық автокөлік өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысына арналған кеңес өткізді. Жиында көлік, қаржы министрліктерінің және ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері баяндама жасады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, биыл Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларындағы – Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан бағыттарындағы 9 өткізу пункті жаңғыртылуда. Қазіргі таңда Қапланбек, Атамекен, Қалжат және Алакөл бекеттеріндегі жұмыстар толық аяқталған. Қалған бес нысандағы жұмыстар 2025 жылдың соңына дейін бітеді деп күтілуде. Ал «Жібек жолы» пунктін жаңғырту мерзімнен тыс жүргізіліп, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталмақ.

Жаңғырту барысында алты жолақты кірме жолдар салынып, барлық қызметтер үшін бірыңғай инфрақұрылым құру, сондай-ақ электронды бақылау жүйелерімен жабдықтау басты назарда тұр.

Алайда Премьер-министр Ресей және Қырғызстан шекараларындағы өткізу пункттеріндегі жұмыс қарқынының баяулығына байланысты салалық министрліктердің жұмысын сынға алды. Олжас Бектенов Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті басшыларын тиісті деңгейде жұмыс ұйымдастырмағаны үшін жауапқа тартуды тапсырды.

Сондай-ақ министрліктердің жауапты қызметкерлері жұмыстарды үйлестіру мақсатында өңірлерге жіберілді. Кеден қызметі мен өткізу бекеттерінің кадрлық құрамына қойылатын талаптар күшейтіліп, интернетке қолжетімділік пен техникалық жабдықталуды арттыру міндеттелді.

Премьер-министр көлік және қаржы министрлеріне өткізу пункттерін жаңғырту барысы туралы апта сайын есеп беріп отыруды тапсырды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда студенттерге ЖОО-на түсу үшін 10 жылға пайызсыз несие берілмек

redaktor_qazyr

Жаңа әкім қалалықтарға үндеу жасады

admin_qazyr

СІМ: АҚШ-тан 369 қазақстандықты депортациялауы ескі ақпарат екенін мәлімдеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz